Бүгін «Қазақстан Республикасының тілдері күні» аясында өтетін А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Тілдерді дамыту орталығы мен «Парасат» ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастырып отырған «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың көрнекті тұлғасы» атты дөңгелек үстелі өтті. Облыстық Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Гүлайым Ерғалиева және студенттер мен оқытушылар қатысқан жиында ұлт ұстазының өмір жолы баяндалып, өлеңдері оқылды. Білім алушылар домбырада күй шертіп, жиналған қонақтардың қошеметіне бөленді.