НОВОСТИ [19.11.2020]
19 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Парасат" ақпараттық-білім беру орталығы және "Рухани жаңғыру" орталығы бірігіп «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттерінде оқыған дәрістері» атты кітабының таныстырылымын өткізді. Таныстырылым ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде өтті. Шараға университеттің 2 курс білім алушылары қатысты. Шараны "Парасат" ақпараттық-білім беру орталығының директоры А.Б.Есенаманова ашып, «Рухани жаңғыру» орталығының оқытушылары Г.С.Саркулова мен Г.Ж.Балжановаға сөз берді. Оқытушылар жаңадан жарыққа шыққан кітаптың маңыздылығына тоқталып, кітапта Елбасының әр жылдарда әлемнің жетекші университетінің студенттері мен магистранттары алдында оқыған дәрістерінде экономикалық, саяси, ұлттық қауіпсіздік, бәсекеге қабілеттілік т.б. мәселелерге байланысты көзқарастары мен ойлары айтылғандығын жеткізді.