НОВОСТИ [18.11.2020]
18 қараша күні университеттің әскери кафедрасының студенттеріне «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып, жарық көрген жаңа кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы А. Қуаталиева шараға қатысушыларға жаңадан кітап қорына түскен 30 оқулыққа шолу жасап, кітаптардың электрондық нұсқалары мен бейне лекциялар топтамасын ұсынған «Қазақстанның ашық университеті» платформасы туралы да ақпарат берді.