2018 жылдың 18 сәуір күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ақпараттық білім беру орталығында  Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Республикалық «National bookdating» акциясы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына арналған дөгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қапақов Ғайса Хамедоллаұлы, философия ғылымдарының кандидаты Есенгалиева Венера Аубекеровна, профессор, философия ғылымдарының докторы Рысқалиев Тілекжан Хасенұлы және экономика ғылымдарының кандидаты Ержанова Жанар Құттықбайқызы қазақ тіліндегі 100  жаңа оқулық жөнінде әңгімеледі.  Шарада оқытушылар және білім алушылар өзара  пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Шара барысында «Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесі жасақталды.

 

sm full