Бауыржан Момышұлы

«Ұшқан ұя» повесі

      Биылғы  «Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы аясында  Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты үш кітабы таңдалып алынған болатын.

        2018 жылдың 18 сәуірі күні БҚАТУ ақпараттық білім беру орталығында сол  таңдалынған үш шығарманың бірі - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын акция аясында оқырмандарымызбен талқылап, даңқты қолбасшы, әрі қарымды қаламгердің өмірі және шығармашылығымен, өзі айтқан қанатты сөздерімен танысуды насихаттайтын оқырмандар конференциясы өтті.

      Іс-шараның мақсаты – жастарды патриотыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және әдеби кітаптарды оқуға ынталандыру болып табылады.

     Оқырмандар конференциясын АББО директоры А.Б. Есенаманова ашты. Ол  өз сөзінде оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттап, биылғы акция барысында таңдалып отырған Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабында тарихымыз бен салт-дәстүріміз кеңінен қамтылғанын әңгімелеп, оқырман қауымға осы кітапты оқып шығуға кеңес берді.

  Оқырмандар конференциясын жүргізген Әлішер Джолкатов даңқты батырдың өмірбаянымен таныстырып өтті.

  Өз кезегінде университетіміздің студенті Айнұр Сансызбай батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздерін мәнерлеп айтып, тыңдармандарды бір серпілтті.

     Шара барысында «Қазақстан тарихы және философия» кафедрасының  аға оқытушысы, тарих магистрі Құттыбаева Динара батырдың шығармаларын кеңінен тарқатып айтты.

     Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабындағы «Музей апа» әңгімесін университетіміздің І курс студенті Нұрлыбек Ажар оқырмандарға жеткізе білді.

     Келесі кезекте университетіміздің студенттеріГаббасов Бексұлтан, Унбаева Жансая, Сапаров Мирас, Рзалық   Ақылбай және Ерназаров Ерік даңқты батырдың жазушылық шеберлігін алғаш мойындатқан «Ұшқан ұя» шығармасынан алған ерекше әсерлерімен оқырмандармен бөлісті.

     Шарада Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп,  «Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

           Шығармаларының құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып қалатын дара тұлға Бауыржан Момышұлына арналған оқырмандар конференциясы университетіміздің студенттерінен құрылған «Ғаламат» тобының патриоттық ән орындауымен аяқталды.

 

sm full