Жайықтың наркескен ақыны

IMG 8821 min2018 жылдың 5 сәуірі күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агралық-техникалық университетінің ақпараттық білім беру орталығында «Туған жер» бағдарламасы аясында жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық, Республикалық айтыстардың жеңімпазы, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бауыржан Халиолламен «Жайықтың наркескен ақыны» атты кездесу кеші өтті.

Кештің мақсаты - туған елі мен жерін сүйетін, асқақ арман мен биік мақсатқа талпынатын ұлттық рухтағы жас ұрпақты сөз қадірін ұғынуға үйрету, ақынның шығармаларын үлгі-өнеге ретінде дәріптеу және поэзия әлеміне, сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.

Кездесу кешінуниверситетіміздің тәрбие және әлеуметтік жұмыстары жөніндегі проректоры Сұлтанов Ақылбек Ұзақбайұлы ашты.

Кеш барысында Бауыржан Ергенұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы слайд көрсетіліп, «Өлең, сенсің жалқы сырлас, жолдасым...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Студенттер тарапынан ақынға сұрақтар қойылып, университетіміздің студенттері Джолкатов Алишер «Сары өлеңім-сағынышым», Нургазиев Әлібек «Жүрек жанры», Санат Алихан «Мінез» атты ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Арнайы ақынға арнау айтқан уиверситетіміздің магистранты Алшынбек Мұқанғалиевқа көрермендер ерекше құрмет көрсетті.IMG 8825 min

Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі және оның шығармашылығымен кешіміздің қонағы Бауыржан Ергенұлының өзінің әңгімелеп айтқан, жырлаған жыр шумақтарынан сусындап ерекше әсер алды.

Сонымен қатар, кездесу кешінде студент жастарды біліммен сусындатып, орталығымызда өтетін шараларға қатысып, өз үлесін қосып жүрген тұрақты оқырманымыздың бірі, ақын “Биотехнология, мал және балық шаруашылығы” кафедрасының доценті Төлебаев Болатқали Төлебайұлы сөз сөйлеп, ақынның шығармашылығы туралы әңгімелеп, ақынға өлең жолдарын арнады.

Ақынның кластасы Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің деканы Біржан Елубайұлы да балалық шақтан естелік айтып, ақынға шығармашылық табыс тілеп, ақ тілегін жеткізді.

Кештің шарықтау шыңы ақынның сөзі мен әніне жазылған әндерін өнер тарланы, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияның әншісі Ернар Өмірәлінің шырқауымен аяқталды.

Кездесу соңында студенттер ақынның жырына сусындап, қолтаңба алып, естелік суреттерге түсіп мол әсермен тарқасты.