2018 жылдың 5 наурызы күні БҚАТУ ақпараттық білім беру орталығында «Туған жер» бағдарламасы аясында жерлесіміз, айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,«Құрмет» орденінің иегері  Шолпан Қыдырниязовамен «Туған жер, мен өзіңнен қуат алам» кездесу кеші өткізілді.

  Кештің мақсаты - жас ұрпақты сөз қадірін ұғынуға үйрету, ақынның шығармаларын өскелең  ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде дәріптеу болып табылады.

  Кездесу кешін университетіміздің  тәрбие және әлеуметтік  жұмыстары жөніндегі проректоры Сұлтанов Ақылбек Ұзақбайұлы ашты.

  Шолпан Батырқызының өмір жолы мен шығармашылығы туралы  фото-шежіре слайд көрсетіліп,  «Ақжайық айтысының анасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кеш барысында студенттер тарапынан ақын апамызға сұрақтар қойылып, университетіміздің студенттері Аруманов Мадьяр «Қаратөбем қасиетті құшағың», Куан Айберген   «Қазақстан – құрыш қанат қыраным»,  Нұрлыбекқызы Ажар «Сен ойлайсың ғой» атты ақынның  өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

   Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі және оның шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен кешіміздің қонағы ақын Шолпан апамыздың өзінің әңгімелеп айтқан, жырлаған жыр шумақтарынан сусындап ерекше әсер алды.

   Сонымен қатар, кездесу кешінде студент жастарды біліммен сусындатып, орталығымызда өтетін сан-түрлі шараларға қатысып, өз үлесін қосып жүрген тұрақты оқырманымыздың бірі, ақын, Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің “Биотехнология, мал және балық шаруашылығы” кафедрасының доценті, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Төлебаев Болатқали Төлебайұлы  сөз сөйлеп, ақын апамызға өлең жолдарын арнады.

Кешті орталығымыздың директоры А.Б. Есенаманова жүргізді. 

sm full