IMG 64112017 жылдың 7 желтоқсан күні БҚАТУ ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай    «Латын қарпі-болашақтың бағдары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тіл саясатын қолдау мақсатында қазақ әліпбиінің латын қарпіне ауысуы  бағдарламасы талқыланды. Осы шарада Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Әлжанова Гүлнәр Жардемқызы, университетіміздің «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар» жөніндегі  проректоры, а.ш.ғ.к. Сұлтанов  Ақылбек Ұзақбайұлы,  «Қазақ және орыс тілдер» кафедрасының меңгерушісі Қаржауова Гүлжан Ғабдолқызы, «Эпизоотология, паразитология және ветеринарлық – санитарлық  сараптау» кафедрасының доценті  м.а.,IMG 6437 в.ғ.к. Сидихов Бекжасар Мұстахапұлы сынды баяндамашылар сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысқан магистранттар мен студенттер өз пікірлерін ортаға салды.