АҚПАРАТ

         Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кітапханасында  14 ақпан күні педагогика саласының ардагері, 1963 жылы ауыл шаруашылығы институты болып құрылғаннан 40 жылдан астам уақыт математикадан дәріс оқыған ұстаз, Жазушылар Одағының мүшесі болған Қайыр Құрақұлы Бектұрғановтың 80  жылдығына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты әдеби-танымдық кеші өткізілді.

IMG 8632 IMG 8641

Шараға ұстаз-жазушының жұбайы, бүгінде зейнеттегі ардагер- ұстаз Надежда Жұбайқызы, әріптестері Т.Х. Рысқалиев, Ә.Ш. Шамғонов, оқытқан шәкірттері  а.ш. ғ. д. университеттің құрметті ректоры Қ.Қ. Бозымов, т.ғ.д., профессор Б.Н. Нұралин, а.ш.ғ.к., доцент Б.Т. Төлебаевтар қатысып естеліктерімен бөлісті. Жазушы, ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өнегеге толы өмір жолы» атты кітап көрмесі жасақталып, деректі-видеофильм көрсетілді. Кеште білім алушылар жазушының  туындыларынан үзінділер оқыды.