НОВОСТИ [20.12.2018]

2018 жылдың желтоқсан айында университетіміздің 55  жылдық мерейтойына орай «Ветеринарлық медицина және биотехнология» және «Агрономия» факультеттерінде Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Кітап шежіресі – университет шежіресі» атты кітап көрмесі өтті.

Көрмеге университет алғаш ашылған жылдары қорға түскен кітаптар мен журналдарынан бастап, университет ғалымдарының әр жылдардағы еңбектері және университет туралы жазылған кітаптар қойылды.

20181206 145908