НОВОСТИ [31.10.2018]

          Университетімізде «Рухани жаңғыру» және Ақпараттық білім беру орталықтарының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының БҚО филиалы өкілдері – университетіміздің студенттерімен «Толеранттылық – үлкен құндылық» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Біздің университетімізде оқитын 1 курс студенттері Армянэтномәдени бірлестігінің өкілі - Цормутян Гамлет, Украин этномәдени бірлестігінің өкілі - Виноградчий Владислав, Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілі - Исаев Вагиф қатысып, өз ұлттарының мәдениетімен, салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі. Пікір алмасуға қатысқан оқытушылар мен студенттер де еліміздегі татулық пен сыйластық көп ұлтты мемлекетімізде бір-бірімізді танып, түсінісуден басталатынын, толеранттылық – үлкен құндылық, бейбітшіліктің бастауы екені туралы айтылды.