НОВОСТИ [11.10.2018]

2018 жылдың 11 қазан күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аргарлық-техникалық университетінің ақпараттық білім беру орталығында «Туған жер » бағдарламасы аясында жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын-журналист Ғайсағали Сейтақпен кездесу кеші өтті.

Студенттеріміз «Агрономия» факультетінің студенттері Күзембай Айым, Ерболқызы Аружан, Құралбаева Ақжүніс, «Политехникалық » факультетінің студенті Рахметова Жансая, «Экономика және бизнес» факультетінің студенті Ізтұрғанова Диана, «Ветеринарлық медицина және биотехнология» факультетінің студенті Рамазанов Олжас ақынның өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, политехникалық факультетінің студенті Аруманов Мадияр ақынға арнау айтты. Өнерлі студенттеріміздің орындауында әндер шырқалды. Философия ғылымдарының докторы, «Рухани жаңғыру» орталығының профессоры Рысқалиев Тілекжан Хасенұлы ақынның өлендерінің философиялық мазмұнын ашып, талдау жасады.

Ақын Ғайсағали Самиғоллаұлы өзінің жаңадан шыққан «Қасиет қонған қара жер» атты кітабынан бай мазмұнды, терең мағыналы өлеңдерін оқыды. Студенттер тарапынан ақынға көкейлерінде жүрген сұрақтар қойылды. Кеш соңында студент жастар ақынмен суретке түсіп, мол әсермен тарқасты.