НОВОСТИ [28.10.2020]

28 қазан күні Облыстық білім басқармасы білім беруді дамыту орталығы және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті «Парасат» ақпараттық білім беру орталығымен осы университеттің «Рухани жаңғыру» орталығы бірлесіп «Кітап – өмір ұстазы» атты «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып, жарық көрген жаңа оқулықтарға бейне шолу жасалып, онлайн форматта таныстырылымын өткізді. Шараның мақсаты: әлемнің үздік университет ғалымдарының еңбектерін, әр түрлі сала бойынша қазақ тіліне аударылған оқулықтар туралы ақпарат беру, таныстыру және колледж студенттерінің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, рухани және интеллектуалдық дамыту.