НОВОСТИ [28.02.2020]

«Парасат» ақпараттық білім беру орталығы және «Рухани жаңғыру» орталықтарының ұйымдастыруымен 27 ақпан күні "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы бойынша келіп түскен 54 кітаппен таныстыруға Орал «Мақсат» медициналық колледжіне жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Жаңа мазмұнға сай білім алуда әлемнің 42 елінде, 34 тілде басылып, жалпы таралымы 47 млн. асқан осы оқулықтардың көмегі зор болмақ. Сонымен қатар, бұл оқулықтардың электронды нұсқасын Қазақстанның ашық университеті – openU.kz платформасына тіркеліп, оқуға болатындығы туралы да айтылды.

131173