НОВОСТИ [30.09.2019]

     «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлем тілдерінен аударылған менеджмент, HR-менеджмент, Қазіргі бизнес-коммуникация, маркетинг, дүниежүзі тарихы, әдебиет теориясы, халықаралық құқық және бизнес, қазіргі заманғы педагогика, өнер тарихы, интернет психологиясы, дипломатия, ориентализм және семиосфера, т.б. бағыттағы әлемдік деңгейдегі үздік авторлардың ғылыми еңбектері  ана тілімізде жарық көрді. Жоба басталған кезеңнен бергі аралықта 47 оқулық қазақ тілінде жарияланғаны белгілі.

     Қазақ тіліне аударылған 17 оқулық былтырғы оқу жылында түссе, тағы 30 жаңа оқулықтар университеттің Ақпараттық білім беру орталығының қорын толтырды. Бұл оқулықтар ғылымның әр саласының ең көрнекті оқулықтары. Ең көрнекті ғылыми дүниелер.

     АББО оқу залында 23-27 қыркүйек аралығында осы оқулықтардың көрмесі жасалып, университетіміздің студенттеріне таныстырылды.

IMG20190927104718

IMG 20190927 WA0011

IMG 20190927 WA0010