А Қ П А Р А Т

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кітапханасында 7 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Сағындық Сатыбалдиннің «Қазақстан таңдауы: «2050 Стратегиясы». «Мәңгілік ел». «Нұрлы жол»» атты кітабының тұсаукесері өтті.  Шараны ғылыми кітапхана директоры А.Б. Есенаманова ашып, автордың еңбек жолымен, жаңадан түскен кітаппен таныстырды. «Бұл еңбекте Қазақстаннның әлемнің озық  елдерінің сапында болуы үшін не істеу керек деген өзекті сұраққа жан-жақты жауап беріп,  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен қолға алған игіліктердің маңыздылығына  өз тұжырымын жасайды автор» - деді «Қазақстан таңдауы – қол жететін игілік» тақырыбында сөз алған «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі,философия ғылымдарының кандидаты, В.Ә. Есенғалиева,  «Мәңгілік ел» - рухтандырушы күш» тақырыбына аға оқытушы, тарих магистрі Ғ.С. Саркулова  және «Ел дамуында дұрыс жолды таңдаған Елбасы»  тақырыбында аға оқытушы Г.М. Хайруллина кітаптан оқыған өз ойларымен бөлісті.  «Жәңгір хан» музейінің директоры Н.Ж. Төлепов Сағындық Сатыбалдинмен кездескен естеліктерімен бөлісті.