Электронды ақпараттар залы

Электронды ақпараттар залы ғылыми кітапхананың 3-қабатында орналасқан. Сіздерді кітапхананың электрондық ресурстарымен таныстырады.  Бұл залда «Жаңа әдебиеттер», кафедра күні, дипломдықтар және маман күндеріне арналған көрмелер ұйымдастырылады. Жаңа технологияның көмегімен «Ғылым және білім», «Жедел-ақпарат», «Жаңа әдебиеттер» бюллетені шығарылып тұрады. Бөлімде барлық қолайлы жағдайлар жасалған, олар: интернет ресурстар, компакт-дискілер, электрондық каталогтар. Ғаламторда жұмыс істеуді және каталогтарды пайдалану барысында оқырмандарға кеңестер беріліп, көмек көрсетіледі.