Әдебиеттерді ғылыми өңдеу бөлімі

Ғылыми кітапхананың 1-қабатында әдебиеттерді ғылыми өңдеу бөлімі орналасқан. Бөлімнің негізгі қызметі анықтамалық іздестіру аппаратында кітапхана қорын толық көрсету болып табылады. Қорға түскен  жаңа әдебиеттер мен басқа да құжаттарды ғылыми жүйелеу, каталогтандыру, техникалық өңдеу жұмыстарын  дәстүрлі және автоматтандырылған жүйеде жүзеге асырады.Кітапхананың бас каталогын ұйымдастырып, өңдеп, каталог, картотекалармен жұмыс істеу барысына әдістемелік басшылық көрсетеді.