Әдебиеттерді жинақтау бөлімі

Бұл бөлім ғылыми кітапхананың 1-қабатында орналасқан. Бөлімнің міндеті университеттегі мамандықтар бағытына сәйкес өз пайдаланушыларына дәстүрлі және электронды ақпараттардың мемлекеттік және басқа да тілдерде құжаттар қорын қалыптастыру болып табылады. Жинақтаудың негізгі көзі-кітап дүкендері, баспалар, мерзімдік басылымдарға жазылу (жылына 400-ден астам) және университеттің РББ-і арқылы жүзеге асырылады. Жыл сайын кітапхана 35-40 мың дана жаңа құжаттарды алып отырады.