Ғылыми-библиографиялық бөлім

Ғылыми-библиографиялық бөлімі ғылыми кітапхананың 3-қабатында орналасқан. Бұл бөлім универсиететтің  барлық анықтама библиографиялық және ақпараттық жұмысын бағыттап отыратын орталық.

 

Бөлімнің қорында библиографиялық сілтемелер, анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар бар, каталогтар, картотекалар, орындалған анықтамалар қоры да осында жинақталған.

 

Кітапхананың анықтама - библиография және ақпараттық жұмысында электронды каталогтар мен техникалық құралдары кеңінен пайдаланылады. Барлық компьютерлер интернетке қосылған, ол Қазақстан Республикасы мен Ресейдің ірі-ірі кітапханалары каталогтарынан қажетті әдебиеттерді іздеуге мүмкіндік береді. Өлкетану картотекалары екі тілде жүргізіліп отырады. Электронды пошта үнемі пайдаланылады.

Студенттердің реферат, курстық және дипломдық жұмыстарына қатынасты әдебиеттер тізімі ұсынылады.