Мерзімдік басылымдар оқу залы

Ғылыми кітапхананың екінші қабатында мерзімдік басылымдар оқу залы орналасқан. Оқу залының қорында 400-ден астам отандық, шетелдік жалпы бес тілде алынатын газет, журналдар бар. Ғылым, жоғары білім, тамақ өндірісі, мал дәрігерлігі, ауыл шаруашылығы, агрохимия, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығын механикаландыру, газ-мұнай салалары, менеджмент, маркетинг, машина жасау, құқық, қазақстан тарихына қатысты 1963 жылынан бастап шығатын ғылыми журналдарды алуға болады.

 

Оқырмандарға спорт және жастарға арналған басылымдары табуға болады.

 

Пайдаланушылар оқу залындағы жергілікті желіге қосылған компьютерлерден «ИРБИС 64» бағдарламасы арқылы электрондық каталогпен жұмыс істеп, барлық мәліметтер базасына қол жеткізуге мүмкіншіліктері мол.