Жалпы  білім беретін әдебиеттер абонементі

Жалпы  білім беретін әдебиеттер абонементі ғылыми кітапхананың 2-қабатында орналасқан. Басты мақсаты студент жастарды  қазақ әдебиетінің асыл-маржандарымен және әлемдік мәдениетпен сусындату арқылы   ішкі жан дүниесін байыту болып табылады.

Кітап адамзатты білімге, идеяларға, рухани құндылықтарға жетелейді. Кітап арқылы әлемдік елдер бір-бірінің мәдениетімен, тарихымен танысып жатады. Кітап арқылы әдебиеттегі ұлы ғұламалардың шығармаларымен танысады.   Бұл жерден әлемдік ұлы жазушылар мен ақындардың шығармаларын тамашалауға болады. Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Олжас Сүлейменов, Тахауи Ахтанов, Әбіш Кекілбаев, Жұбан Молдағалиевтарды, Батыс Қазақстан өңірінің ақын-жазушыларының еңбектерін алып оқуға болады.