Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми кітапханасы

1963 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтымен бірге кітапханада өз жұмысын бастады. Қазіргі кезде кітап қорында 973 мың басылым бар.

Қор оқу әдебиеттерімен қатар, ғылыми еңбектер, ғылыми конференциялардың материалдары, статистика мәліметтерін ұсынады. Ғылыми кітапхана қоры жыл сайын 40 мың данаға дейін жаңа басылымдармен толықтырылып отырады. Оқырмандардың сұраныстарын қанағаттаныру мақсатында, мерзімді басылымдар қоры жылдан – жылға өсуде. Мерзімді басылымдардың 5 тілде 400- ден аса атауына жазылып, соның ішінде электрондық тасымалдаудағы түрлерін де алдырады. Күн сайын кітапхана 1000 жуық оқырманға қызмет көрсетеді. Кітапхана он жылдан бері электрондық каталогта мәліметтер базасын түзеді (библиографиялық жазулардың жалпы көлемі 530 мың).

Оқытушылар мен студенттерге арнайы компьютермен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіншілігімен қамтылған электрондық оқу залы бар. Қажет сайттарды табуға, электрондық тасымалдағыш, деректердің электронды базасына енуге мүмкіндік беретін де осы зал.

Ғылыми кітапхананың МАРС (мақалалардың аймақаралық аналитикалық тізімі), АРБИКОН (аймақтық кітапханалар консорциумдары қауымдастығы)халықаралық жобаларына қатысуы оқырмандарды қазіргі заманғы ақпараттық базаларын, алыс және жақын шетелдердің ең ірі кітапханалардың каталогтарын, анықтамалары мен энциклопедияларын пайдалануға жол ашты.

Ғылыми кітапхана мамандары пайдаланушыларға жаңа технология мен ақпараттар базасын пайдалануды үйрететін сабақтар өткізеді. Кітапхананың ғылыми қызметі қорды зерттеуге, ашып көрсетуге, ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер жасауға бағытталған. Мұның айғағы «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті ғалымдардың ғылыми жұмыстарының библиографиялық көрсеткіші» толықтырылып, 5-ші басылымы шығарылды, өзге де ұсыныстық библиографиялық, биобиблиографиялық көрсеткіштерді дайындайды. Университеттегі қосымша білім беру және халықаралық ынтымастық бөлімінің бағдарламасына сәйкес, аймақтағы кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырып, әдістемелік көмегін де көрсетіп келеді. Кітапхана қызметкерлері облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларға да белсенді қатысады.

Ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасының ЖОО-дың кітапханаларының қауымдастық мүшесі болып табылады.