Ғылыми кітапхананың университет оқытушыларынан оқу процесіне қажетті басылымдарға тапсырыс қабылдау тәртібі
Тапсырыс арнайы «Тапсырыс бланкі» бойынша жүзеге асырылады.
- Тапсырыс жасалмас бұрын ең алдымен басылымның кітапхана қорында барын немесе жоқ екенін электронды каталогтан тексеру қажет.
- Тапсырыста мамандықтың және оқытылатын пән атауы толық көрсетілуі керек.
- Тапсырыс жасалған кезде бұл басылымның негізгі немесе қосымша оқулық екені көрсетілуі қажет.
- Тапсырыс жасалатын басылымдар саны оқу процесінің кітаппен қамтамасыз ету талабымен № 508-18.07.2003 ж. «Қазақтан Республикасының мемлекеттік білім беру мекемелерінің кітап қорын қалыптастыру» туралы нұсқаулығына сәйкес анықталу қажет (негізгі әдебиет 0,5 коэффициенті бойынша, қосымша әдебиет – 0,3 коэффициенті бойынша. )
- Тапсырыс кафедра оқытушыларымен келісіліп, кафедра меңгерушісінің және факультет деканының қолы койылуы қажет. Одан әрі қарай «Ғылыми кітапхана» директорымен, «Сапа менеджменті жүйесі және инновациялар» бөлімінің жетекшісімен және «Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар» департаментінің директорымен келісілуі тиіс.
Қажеттілігі мен оқырман сұраныстарын ескере отырып, ғылыми кітапхана тапсырыс жасалатын басылымдардың санына өзгерістер енгізуге құқылы.