БҚАТУ ғалымдарының жаңа еңбектері

jyldar_tulgalar_jetistikterЖәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне 50 жыл. ЖЫЛДАР. ТҰЛҒАЛАР. ЖЕТІСТІКТЕР (1963-2013 жж.) / ред. Қ. Қ. Бозымов [и др.]. - Орал : Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 2013. - 346 б.

Кітап Қазақстан Республикасы мен еліміздің батыс өңіріндегі ірі аграрлық-техникалық білім ордасы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 50-жылдық қалыптасу және даму тарихы, қазіргі ахуалы және болашақтағы даму перспективалары туралы баяндалады.


gody_lichnosti_dostijeniyaЗападно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана: ГОДЫ. ЛИЧНОСТИ. ДОСТИЖЕНИЯ (1963-2013гг.) / ред. К. К. Бозымов [и др.]. - Уральск : ЗКАТУ имени Жангир хана, 2013. - 329 с.

Книга повествует о 50-летней истории становления и развития, современном состоянии и перспективах крупнейшего аграрно-технического вуза Республики Казахстан и западного региона страны - Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана.


istoriya_zkatu_v_licax

БҚАТУ тарихындағы тұлғалар : анықтамалық -История ЗКАТУ в лицах: справочник / ред. Қ. Қ. Бозымов [и др.]. - Орал : Жәңгір хан атындағы БҚАТУ РББ, 2013. - 168 б.

Университеттің 50 жылдық мерейтойына арналған анықтамалығына оқу орнының қалыптасуы мен дамуына, жастарға білім беріп, білікті мамандар даярлауға үлкен үлес қосқан ғалымдар мен оқытушылардың өмірбаяндары мен жетістіктері туралы қысқаша мәліметтер енгізілген.

В справочник "История ЗКАТУ в лицах", посвященному 50-летнему юбилею, внесены краткие сведения о видных ученых и талантливых преподавателях, вошедших в "золотой" фонд университета, об их достижениях в науке и подготовке кадров. Они стояли у истоков становления и развития университета.


erlikke_tagzym

Ерлікке тағзым : ғұмырнамалық жинақ. 1-кітап : Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бойынша / Б. Б. Траисов [и др.] ; ред. Қ. Қ. Бозымов. - Орал : "Дастан", 2005. - 168 б.

Жинаққа Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кезінде еңбек еткен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және бүгінгі күні осында балалары жұмыс жасайтын ардагерлер туралы мақалалар еніп отыр. Бұл кітап Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін келер ұрпақтың мәңгі есінде қалдыру үшін және жастарды майдангерлердің ерлік рухында отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылды.
 

bibliografichaskii_ukazatel'

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғалымдарының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші = Библиографический указатель научных работ ученых Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана. – Орал : Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2013. – 353 б. – қазақша, орысша.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғалымдарының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткішінің алтыншы шығарылымында 2008-2012 жылдар қамтылған. Басылымға ғылыми конференция жинақтары, оқулықтар, оқу құралдары және монографиялар, электрондық оқулықтар, ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер, диссертация авторефераттары, магистрлік рефераттар, патенттер, университет тарихы, ғалымдары, студент жастары туралы мәліметтер енгізілген.

Шестой выпуск библиографического указателя трудов Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана включает работы за 2008-2012 годы. В него вошли сборники научных конференций, учебники и учебные пособия, монографии, электронные учебники, научные статьи и методические пособия, авторефераты диссертаций, магистерские рефераты, патенты, материалы об университете, его истории, ученых, студенчестве.