АҚПАРАТ

           Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2 наурыз күні ақын Төлеген Айбергеновтың 80 жылдығына орай «Жыр жүрегі тоқтау білмеген» атты поэтикалық марафон өткізілді. Кешке университетіміздің оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

            Поэтикалық марафонды университеттің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы А.Е.Өкшебаев ашып, қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Т. Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын, жырларының жатқа оқымайтын қазақ аз дей келе, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,      

 MG 9421 IMG 9352

  «Биотехнология, мал және балық шаруашылығы» кафедрасының доценті, а/ш.ғ.к. Б.Т. Төлебаев халқының ыстық ықыласына халқы бар жерде ақын тойының мәңгілік тарқамайтыны ақиқат екенін айта кетіп, білім алушы жастарға ақынның «Бір тойым бар» атты өлеңін оқып берді.

   Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, әсем әндер мен күйлер орындалды. Сонымен қатар Агрономия факультетінің 3 курс студенті А. Төлеген ақын Т. Айбергеновке өзінің төл туындысын арнады. «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд шоу көрсетілді.