А Қ П А Р А Т

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кітапхана мен «Агрономия» факультетінің бірігіп ұйымдастыпуымен 23 қараша күні ақын, Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің  100 жылдығына арналған  «Дауысы дәуірімен кетті ұласып» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Кешке университетіміздің оқытушылары мен білім алушылары қатысты. Кешті өткізудегі мақсаты Х. Ерғалиевтің өшпес шығармаларын, жалынды жырларын жастар арасында насихаттау болып табылады.

         Әдеби-сазды кештің аясында студенттерақынның әр түрлі тақырыптағы поэмалар мен өлеңдерінен нақышына келтіре, мәнерлеп оқыды. Одан әрі күмбірлеген күйлер орындалып, патриоттық әндер шырқалып кештің шырайын ашты. Сонымен қатар 2 курс  студенті М.Аруманов  ақын  Х.Ерғалиевке  өзінің төл туындысынан тарту етті.

Кеш барысында «Уақыт және қаламгер»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға ақын шығармасы мен өмірбаянынан сыр шертетін виртуалды слайд-шоу ұсынылды.